1 Наурыз - алғыс айту күні » Отдела образования по Алаколскому району
Жетісу облысы білім басқармасының
Средняя школа №1 имени Қабанбай
"Қабанбай №1 орта мектебі"
Управления образования Алматинской области
Приемная
+7(72837) 4-32-17
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
01
март
2023

1 Наурыз - алғыс айту күні

1-наурыз Алғыс айту күні. Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай — ақ оның ойы мен іс — әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.
Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні. Бұл күн – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір - біріне құрмет білдіретін күн.
Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Бұл – репрессия мен жер аудару жылдарында біздің халық көрсеткен мейрімділік пен ақ көңілдік, қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер күні.
   Барша Қазақстандықтарды бүгінгі мерекемен құттықтай отырып  отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін.